«Адамдар ойша сөйлеседі»: Жанат Бақыттың мәлімдемесі жұртты шошытты

Жаңалықтар
view 150
news

Коллаж: aikyn.kz

Бұрынғы тележурналист, бүгінде тылсым әрі тосын ойларымен желіні шулатып жүрген Жанат Бақыт тікелей эфирінде тағы да таңғаларлық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Алланың миссиясы бітті»: Жанат Бақыт күтпеген мәлімдеме жасады

"Кенесарының басы туралы айтқанымнан кейін әншілер келе бастады": Жанат Бақыт танымал адамдарға қандай терапия жүргізетінін айтты

"Екі еркекпен жатқызып видеоға түсірді": Журналист Жанат Бақыт Жанар Хамитова туралы айтты

«Адам толықтай Құдай сипатты болып өзгереді»

Оның пікірінше, алдағы уақытта Жер теріс айналады.

Материалдық әлемге байланбағандар басқа өлшемде өмір сүріп жүреді. Солай жүреді де денесін тастап кете береді. Адамдарға көмекке түскен жолсеріктер болады, солар жетелейді. 2028, 2036, 2037 жылдардың соңында Жер теріс айналады. Мұхиттың барлығы теріс ағады. Одан кейін жерде "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" мамыражай өмір басталады. Ал 2050 жылы қорқынышқа құралған, аяқтан шалу, көреалмаушылық сынды сезімдер болмайды. Жер толықтай тазарады. Ешкім ешкіммен алыспайды. Ол кезде адам адаммен сөйлесудің қажеттілігі жоқ. Барлығымыз оймен сөйлесеміз. Адам толықтай Құдай сипатты болып өзгереді деген де ақпарат айтылады. Бірақ оған дейін уақыт бар. Әлі екі әлем арасында шайқалып жүруімізге тура келеді, - деді ол.

«Ата-тегіміз жанталасып жатыр»

Сондай-ақ Жанат Бақыт ата-текке қатысты да болжамын айтты.

Ата-тегіміз жанталасып жатыр. Жоба жасау барысында бір ұққаным бар. Біз көбіне патриархат заманында өмір сүрдік. Әке жақтың тармағына көп мән береміз. Ал адамдардың ата-тегі оң жақтан әке, сол жақтан ана деп келеді. Енді әке жақтың ата-тегі басын иіп, жол беріп тұрады да ана жақтың ата-тегі келеді. Бірінші жолдауды ана жақ айтады. «Баланың жақсысы - нағашыдан» деген бекер емес сияқты, - дейді ол оқырмандарын тағы да ойландырып.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *