«Адамның суреттерін рұқсатынсыз ел алдына шығару – қылмыс!»: Айгүл Орынбек жастарға ескерту жасады

Жаңалықтар
view 173
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек біреу туралы ақпарат тарату арқылы ақша табудың жеңіл жолын кәсіпке айналдырған жастарға ескерту жасады, деп хабарлайды  janabastau.kz KYN.KZ тілшісі.

Заңгер адамның жеке өмірін, суреттері мен видеоларын рұқсатынсыз шығару, талқылау қылмыс екенін атап көрсетті.

«Бұл мақтану емес, өсіп келе жатқан жастарға ескерту мақсатында!
Адамның жеке өмірін, суреттерін, видеоларын өз рұқсатынсыз ел алдына шығарып талқылау -Қылмыс!
Ақша табудың жеңіл жолын кәсіпке айналдырып алған жастарға сабақ болсын! Шымкент қаласы ұйымдасқан қылмысқа қарсы тобының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Актер Тасқан Қанат әлеуметтік желіде өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарға заң алдында тиісті шаралар қолдануда екенін айтып, заңгер Айгүл Орынбекке алғысын білдірді.

«Қымбатты іні-қарындастар біреудің өміріндегі, жалпы танымал адам не қарапайым болсын анық-қанығын білмей, әлеуметтік желіге жарияламауларыңызды сұраймын. Ондай қателік жасамаңыздар. Әркім өз бетінше өмір сүрсін», - деді Қанат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *