АЭС. Энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келсе, осы бағыттардың барлығын қатар алу керек: депутат Мақсат Толықбай
Сурет: Ашық дереккөзден
Депутат Мақсат Толықбай Ресей санкцияның астында болғандықтан Қазақстанға атом электр станциясын сала алмайтындығын айтты. Бұл туралы janabastau.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресей АЭС-ті сала алмайды. Оған ешкім мүмкіндік те бермейді. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Онсыз да санкцияның астында. Қазір ұйымның талабын көрген шығарсыздар, бұдан кейін кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Яғни, ең технологиясы озық Франция салса, не болмаса Оңтүстік Корея салса, соларға біз тәуелді болып қалмаймыз ба деген уайымдаушылық бар. Сондықтан салынған күннің өзінде де халықаралық концорциум құрылады. Енді жаңа мәжілісте де Катар мемлекеті, Біріккен Араб Әмірліктері инвестиция құйып жатқаны айтылды. Қазір тоқты қайдан алып отырмыз. Әбден тозығы жеткен жылу электр станцияларын жаңартуға күн, жел, су электр станцияларын қатар дамытатын боламыз. Шынымен энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келсе, осы бағыттардың барлығын қатар алу керек деп есептеймін», – дейді ол.
Мақсат Толықбайдың сөзінше, көрші үйге розетканы тығып қойып, біз тәуелсізбіз деп құр кеудені соғып мақтанғанмен ештеңе өзгермейді. Қоғамда қазір «Ресей сала ма?» деген ең үлкен сұрақ туындап отыр.
«АЭС-ті 100 пайыз Ресей салмайды деп айтамын» - дейді депутат.
Пікірлер (0)