АЭС құрылысын Президент бақылайды

Жаңалықтар
view 59
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Премьер-Министр Олжас Бектенов «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесті.

«Росатом» корпорациясының басшысы Олжас Бектеновке Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысы аясында Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Премьер-Министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *