“Әйел үш жыл бала емізсе емшегі әдемі болады”: Елге танымал заңгер қазақ әйелдеріне ақыл айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 362
news

Сурет: видеодан кадр

Танымал заңгер Нұрлан Байғазиевтің әйелдер туралы сөзі қоғамда дау туғызды, деп хабарлайды janabastau.kz. 

 Адвокат Нұрлан Байғазиев "Қыздар-ай" бағдарламасына қатысып, эфир барысында айтқан пікірімен қоғам назарын өзіне аударды.

Бағдарлама кезінде депутат:

"Әйел үш жыл бала емізсе, емшегі әдемі болады" — деп, қыз-келіншектерге кеңес айтты.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде кең тарап, қызу пікірталас тудырды. Көпшілік оның сөзін орынсыз әрі эфир мәдениетіне сай емес деп сынады. Желі қолданушылары арасында "әйелдің денесіне қатысты мұндай сипаттамалар — этикаға жат" деген пікірлер басым болды.

Ал кейбір көрермендер бұл сөзді денсаулыққа қатысты ұсыныс ретінде қабылдап, артық ештеңе көрмейтінін жазды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *