Экс-министр ісі қайта қаралады: Біртанов ақтала ма?
Сурет: gov.kz

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның экс-орынбасары Олжас Әбішевке қатысты атышулы қылмыстық іс қайта тексерілуде.
Бас прокуратураға жолданған өтініш негізінде бұл іс Астана қаласының прокуратурасына жолданып, жаңа мән-жайлар бойынша тергеу басталғанын ведомство растады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылы шыққан сот үкіміне наразы тарап бұл жолы тың дәлелдер ұсынған. Олжас Әбішевтің айтуынша, қолда бар ресми құжаттар олардың кінәсін дәлелдеген жалғыз куәгердің сөздерін жоққа шығарады. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол бұл деректер тергеудің заңсыз әрі біржақты жүргізілгенін айғақтайтынын атап өтті.

«Біртанов Е. мен Әбішев О.-ға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша түскен өтініш Астана қаласының прокуратурасына жолданып, қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді Бас прокуратура.
Айта кетейік, Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсады деген айып тағылып, сот үкімі шыққан болатын. Алайда айыпталушылар үкіммен келіспей, әділдікке қол жеткізу үшін істі қайта қарау туралы бірнеше рет талап қойған.
Пікірлер (0)