Әйелін 10 жылдан бері жүйелі түрде ұрып келді деп айыпталған қазақстандық экс дипломат 15 тәулікке қамалды

Жаңалықтар
view 260
news

Сурет: ашық дереккөзден

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін ұрды деп айыпталған Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Сот қаулысымен М., жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Істің мән-жайынан белгілі болғандай, елшілік қызметкері жанжал кезінде әйеліне қатысты физикалық күш қолданған.

"Сот отырысында М. мен оның қорғаушысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін, құқық бұзушылық жасалған жер Қазақстан Республикасының соттылығына жатпайтынын көрсетті. Сонымен қатар, М.-ның әрекеті оның әйелімен арасындағы тұрмыстық жағдайға қатысты қылмыстық іс бойынша жеке тергеу жүргізілуде", –  делінген сот хабарламасында.

Дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *