Әйгілі әнші өз күйеуінің қолынан қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөзден
Өзбекстанның Самарқанд облысы Тайлақ ауданында белгілі әнші Зебинисо Носирова (көркем есімі – Zeboyi Jahon) қаза тапты. Қайғылы оқиға 26 шілдеде орын алды, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Әншінің өліміне күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі ұсталды. Ер адам сол күні балаларын көру үшін келген, алайда ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ашуға булыққан күйеуі әйелін қолымен тұншықтырып өлтірген. Зебинисо сол жерде жан тапсырған.
Марқұмның ағасы оқиға туралы былай деді:

"Сол күні жұмыста едім. Жұбайым қоңырау шалып,"'әпкеңмен бірдеңе болған" деді. Анамнан сұрасам, "тез жет, оны өлтіріп кетіпті" деді. Бұл – өз жарына, үш баланың анасына жасалатын іс пе?!"
Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтің мәліметінше, 1992 жылы туған ер адамға Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі бойынша (қасақана адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынған.
1991 жылы дүниеге келген Зебинисо Носирова артында үш ұл қалдырды.
Пікірлер (0)