Әйгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты (ФОТО)

Жаңалықтар
view 136
news

Фото: Айшолпан Нұрғайыпқызының жеке архивінен

Әлемге әйгілі қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қуанышты хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өмірінің жаңа кезеңі басталғанын жазған. Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, құттықтап жатыр.

Ол Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағының Алтынсөгц сұмынында туып-өскен. 13 жасында 79 саятшы қатысқан бүркітшілер сайысында рекорд жаңартып, тарихта тұңғыш рет жеңімпаз атанған ару. Ол туралы режиссер Отто Белл «The Eagle Huntress» атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде  Лондон, Нью-Иорк, Дубай, Токио, Сидней қалаларда көрсетілді.

«The Eagle Huntress» фильмі 2015 жылы «Оскар» сыйлығының шорт листіне дейін жетті. Ал 2017 жылы Айшолпан  Нью-Йорк қаласында «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Бұл сыйлық Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталады. Бұған дейін, бұл марапатқа Джек Ма, Мэнни Пакяо, Дью Пател секілді жұлдыздар лайық деп танылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *