Айгүл Орынбек : бүкіл дүние мүлкі тексерілуін талап етемін

Жаңалықтар
view 1196
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Заңгер Айгүл Орынбек президентке Марат Әйтеновтың қатыгез әрекетін көрсетуді сұраған. Мұнымен қоймай Марат Әйтеновтың бүкіл дүние мүлкі қайдан келгенін тексеруді талап еткен, деп хабарлайды janabastau.kz.

Марат Әйтенов кеше Астанада бұрынғы әйелі мен үш баласын тұрып жатқан баспанасынан сүйреп шығарып тастаған. Бұл туралы Дана Әтешованың өзі желідегі парақшасында жазды және болған оқиғадан видео жүктеді. Видеода үйден шығарылған қыз баланың мұрны қанап, ұл бала шырқырап жылайды. Ал жүзін жасыруға тырысөан ер адам  Дана Әтешованы полиция, құтқарушылар мен сот орындаушылардың көзңнше  аяғынан сүйреп, шашынан тартқылап далаға шығарып тастаған.

Дана Әтешова бұрынғы жұбайын ата-ана құқығынан айыруға ниетті екенін айтты.

"Ең өкініштісі, ол полицияның алдында зорлық-зомбылық жасады. Олардың мені қорғамағаны қатты ренжітті! Мен Әйтеновті ата-ана құқынан айыру туралы өтініш жасағым келеді, - деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *