Дерматология ғылыми орталығының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Жаңалықтар
view 589
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.   

«Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды», — деп хабарлады Антикор. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *