«Отыз бес жасымда, 19 жасар жігітке тұрмысқа шықтым»:
Сурет: Ашық дереккөзден
35 жастағы келіншек 19-дағы жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда, қазір елуді еңсерген әйел өкінішін жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz Oinet.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзінен бірнеше жасқа кіші жігітке тұрмысқа шыққанын басында ешкімге айтпаған. Алайда, үш жылдан кейін ортадағы махаббат сезімі кете бастапты.
«Бəріне кінəлі - өзім жəне махаббатым. Махаббат есімнен айырды. Қатты ұнаттым. Отыз бес жасымда, он тоғыз жасар жігітке тұрмысқа шықтым. Қызылжардың қызы болған соң шығар, жас айырмашылығына басымды қатырмадым. Əке мен шешемді хабардар етіп, тұрмысқа шығып алдым. Басында бəрі жақсы болатын. Махаббат деп ыстық-суығымыз басылғанша, үш жылдай бәрі тамаша болды. Жас айырмашылығын қатты сезінген жоқпыз. Үш жылдан соң менің денсаулығым сыр бере бастады. Өзінен үлкендігімді білдіргім келмеген бар əрекетімнен пайда болмады. Жас ерекшелік уақыт өтуімен өз дегенін алады екен», - дейді әйел.
Қазіргі уақытта енді ғана отызға келген күйеуі сыртқа көзін көп салады екен.
«Жолдасым, бұрынғыдай емес ықыласы суып, сыртқа көбірек елеңдейтін болды. Қанша байқамаған кісі болсам да, көзімше жеңіл жүрісті қыздарды жағалайтынды шығарды. Қазір - елуге жақындап қалдым. Жолдасым отызға енді ілігеді. Кейде, маған не үшін үйленді екен деп ойлаймын. Арамызда бір қызымыз бар. Жолдасымды түсінгім келгенмен іштей бір өкініш өзегімді өртейді. Өз қатарым болғанда осылай жасар ма еді деген. Өмірімді өз қолыммен жасадым. Артқа жол жоқ. Енді қызым үшін ғана өмір сүремін», - дейді ол.
Пікірлер (0)