Айсәуле Бақытбек отбасындағы қайғылы жағдай туралы айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Айсәуле Бақытбек қайын атасының қазасына байланысты ауыр жағдаймен бөлісті
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында отбасындағы қайғылы жағдай туралы хабарлады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Айсәуленің айтуынша, оның қайын атасы Ербол Қайдаров өмірден озған. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, марқұмға деген сағынышын және ауыр күйзелісін білдірді.

«Бойымды алай-дүлей сезім билеп тұр, оны сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Сүйіктіме қарап, оның да жаны сыздап тұрғанын сеземін. Бірақ қолымнан келер қайран жоқ», – деп жазды ол.
Айсәуле Бақытбектің сөзінше, марқұм Ербол Қайдаров немерелері үшін ерекше жан болған. Ол балалардың аталарын іссапарға кетті деп ойлап жүргенін айтып, оларға бұл ауыр шындықты қалай жеткізерін білмей жүргенін жеткізді.

«Балалар оны іссапарға кетті деп ойлайды, ал мен олардың көңіліне түсетін ең алғашқы қаяуды қалай жұмсақ жеткізсем деп аласұрып отырмын», – дейді ол жазбасында.
Сонымен қатар, Айсәуле Бақытбек қайын атасының әрдайым оны қолдап, мақтан тұтқанын атап өтті. Оның айтуынша, марқұм барлық сұхбаттарын қарап, әлеуметтік желідегі жарияланымдарын назардан тыс қалдырмай, үнемі қолдау білдіріп отырған.
Пікірлер (0)