Трансгендер Амилай тұрмысқа шықпақ па?
Коллаж: Sn.kz
Қазақстандық танымал трансгендер, блогер Амилай Баймұратова әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы арқылы ел назарын өзіне аударды. Instagram парақшасында жүктелген видеода белгісіз ер адамның оған сақина ұсынып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап жатқан сәті көрсетіледі, деп хабарлайды janabastau.kz.
Амилай бұл жазбасына: «Бәлкім, бұл жазба бір жүрекке жетер… Бәлкім, дәл қазір сен оқып отырсың… Мен махаббатқа сенемін. Ал сен ше?» – деген романтикалық мәтін қалдырған. Алайда, блогер жазбаның астына #архив хэштегін қосуды да ұмытпаған.
Соған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары арасында "Амилай жақында тұрмысқа шықпақ па?" деген сұрақ қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер оны шынайы сезімнің көрінісі десе, енді бірі бұл – көпшіліктің назарын аудартуға бағытталған ескі контент дейді.
Қазіргі уақытта Амилайдың шетелде, нақтырақ айтқанда Малайзияда жүргені байқалады. Бұл туралы ол жиі тікелей эфирлер мен стористер арқылы бөлісіп жүр.
Амилай Баймұратова – соңғы жылдары әлеуметтік желіде өз болмысын ашық айтып, трансгендер тұлға ретінде танылған блогер. Оның әрбір жазбасы мен әрекеті қоғамда қызу пікірталас туғызатыны белгілі.
Пікірлер (0)