«Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ қызметінің 2023 жылғы қорытындысын жариялады

Жаңалықтар
view 54
news

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2023 жылы бойынша келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді. 2023 жылдық қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 129 аудиторлық іс-шара, ( 2022ж. – 174) жүргізілді, аудит жалпы сомасы 6 878,143 млн. теңгеге сәйкес бюджет қаражатын қамтыды (2022ж. – 12 891,378 млн. теңге), аудит нәтижесінде барлығы 97 635,970 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, немесе 100%, (2022ж.13 578,364 млн. тенге), оның ішінде: • қаржылық бұзушылықтар 3 102,595 млн. теңге (2022ж. – 3 878,321 млн. теңге) немесе анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 3,2% (2022ж. – 28,6%); • 94 533,375 млн. теңгеге процедуралық сипаттағы бұзушылықтар (2022 ж. – 9 703,042 млн. теңге) немесе 96,8 % (2022ж.– 71,4%); • 1 965,176 млн. тенге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу, (2022ж. – 2 481,727 млн. теңге) немесе 2% ( 2022ж. –18,3%), оның ішінде: -1649,929 млн. теңге сомасында мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне әсер ету; – 4,243 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу нәтижесіне әсер еткен жоқ. Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан жалпы сомасы 3 102,595 млн. теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады ( 2022ж. – 3 878,321 млн. теңге), оның ішінде бұзушылықтар жойылды 2 096,759 млн. теңге немесе 67,6% ( 2022ж.– 3 239,724 млн. теңге), оның ішінде: - 635,902 млн. теңге өтелуге жатады, оның 593,392 млн. теңгесі немесе 93,3% өтелді; - өндірілуге жататын 2452,768 млн. теңге, оның ішінде өндірілді 1 489,334 млн. теңге немесе 60,7%. Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін тексерілетін субъектілерге 95 ұйғарым (2022ж. – 133) жолданды, оның ішінде 4 ұйғарым бойынша орындау мерзімі жеткен жоқ, нұсқаманың 22 мерзімі ұзартылды. Толық орындалды – 69 ұйғарым (2022ж. – 118). Бұйрық бойынша берілген жауаптар бойынша тексерілетін объектілердің 104 лауазымды тұлғасы жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ( 2022ж. –131).

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *