Ақмола облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Саясат
view 115
news

Ақмола облысы әкімдігінің өкімімен Алмас Аянұлы Алин Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды "JanaBastau" ақпарат агентттігі тілшісі.

Алмас Аянұлы 1977 жылы туған.
1999 жылы О.А. Байконуров атындағы Жезқазған университетін «көркем еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша, 2008 жылы «Болашақ» Қарағанды университеті жеке мекемесін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сәтбаев қаласы орта мектебінің мұғалімі лауазымынан бастаған. Бірнеше жылдар бойы түрлі басқарушылық қызметтерде еңбек еткен.
Айта кетейік, бұған дейін Алмаз Аянұлы Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
Алмас Аянұлын жаңа лауазымымен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *