Райгород алтын өңдеу зауытын пайдаланудағы ықтимал әсер туралы есеп берілді

Саясат
view 264
news

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Бурабай ауданы, Гордеевка және Николаевка ауылдарында мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Н.Е.Ботан Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарының бастапқы кендерін өңдеуге арналған Райгород алтын өңдеу зауыты пайдаланудағы ықтимал әсерлері туралы есеп берді деп хбарлайды "JanaBastau" ақпарат агенттігі тілшісі.
Жер қойнауы кеңістігін қалдық қоймасында техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) өндіру және өңдеу өндірісін орналастыру объектісін орналастыру және пайдалану бойынша сыйымдылығы 80 млн. м3 қалдықтар қоймасы жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысты. Жоба қалдық қоймасының пайдалы сыйымдылығын 80 млн м3 дейін кеңейтуге байланысты әзірленген. 2021 жылғы 22 ақпандағы №7-ИПН лицензиясы бойынша сыйымдылығы 80 млн м3 жобаланған қалдық қоймасы жер қойнауы учаскесінің шекарасында орналасады.
Жобаны тыңдау барысында қатысушылар және халық тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар қойылды, оларға жауаптар алынды, түбегейлі келіспеушіліктер болған жоқ. Қоғамдық тыңдаулар дұрыс өткізілді деп есептеледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *