Ақмола облысында биыл 1000 шақырымға жуық жол жөнделеді
Редакция таңдауы
93
Ақмола облысында биыл 1000 шақырымға жуық жол жөнделеді. Оның ішінде әбден тозығы жеткен аудан және ауыл көшелерінің үлесі басым. Бұдан бөлек, облыс орталығындағы жолдарды жаңарту да жоспарланып отыр. Осы мақсатта қазынадан 73 миллиард теңге қарастырылған.
Бұл жиырма мыңға жуық тұрғыны бар Красный елдімекеніне апаратын жалғыз жол. Қазір мұнда асфальт төселіп, орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 20-ға жуық адам мен 10-нан астам техника жұмылдырылды.
Екпін Молдахмет, құрылыс учаскесінің жетекшісі:
- Үшінші сәуірден бастап «Қызылжар - Көкшетау» жолын жөндеу басталды. Бұл жолдағы шұнқырларды тегістеп, жөндеп жатырмыз. Он мың текше мерт жолға асфальт төселеді. Жұмыстың аяқталуы жетінші сәуірге жоспарланып отыр.
Жыл сайын облыс орталығындағы ірі көшелер жөндеуден өтетін. Ал, биыл бірінші кезекте қала іргесінде орналасқан осы аудандарға баса назар аударылған. Бас-аяғы 30 шақырым жол жөнделеді деп көзделген.
Әділет Рақымжанов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Біз қаланың орталық көшелерін ғана емес, сонымен қатар шағын аудандардың жолдарына да аса мән беріп отырмыз. Оның ішінде «Бірлік», «Шанхай» және ет комбинаты шағын аудандарының көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі деп жоспарланған. Мердігер компаниядан лабораториялық сынамалар алынды. Асфальттың қалыңдығы мен сапасы басты назарда. Белігіленген мерзімде жұмыс толығымен аяқталады.
Аймақта жөндеуге лайықты жолдар бар. Жыл сайынғы жоспар ауқымы кеңейіп келеді. Сәйкесінше, мемлекеттен көрсетілетін қолдау мен қаржы көлемі артқан. Бұл өңірдегі жол-көлік инфрақұрылымына айрықша әсер етері сөзсіз. Сондықтан сала мамандары алдымен жолдың ұзындығына емес, сапасына көңіл бөлетіндіктерін айтады.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)