Қазақстанда жер учаскелерін алу жеңілдетіледі
Редакция таңдауы
154
2023 жылдың 5 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап.
Қабылданған заң Ауыл шаруашылығы министрлігімен жер учаскелерін жедел және ашық беру мақсатында әзірленді.
Заңда республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде электрондық форматта жер учаскелерін беру рәсімін оңайлату көзделген, бұл жер учаскелеріне құқықтарды берудің қолданыстағы мерзімдерін 30 жұмыс күніне дейін өзгертуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, аталған қалаларда жер комиссиясының институты алынып тасталады сондай-ақ бірқатар құжаттар қысқартылады (жер комиссиясының хаттамалық шешімі, жерге орналастыру жобасы).
Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің жерлері үшін техникалық мүмкіндіктердің болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер толық цифрланғанға дейін Жер заңнамасымен регламенттелген жер учаскелерін берудің қолданыстағы тәртібі сақталады.
Заңмен мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда құжаттарды келісу барысына онлайн мониторинг енгізіледі, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын тіркеу бойынша композиттік қызмет енгізіледі.
Жер учаскелерін электрондық беру рәсімі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің «Жария кадастрлық картасында» жер учаскесін таңдау арқылы жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарында (өңірлік геоақпараттық жүйелерде) іске асырылатын болады.
Жария кадастрлық карта Қазақстанның жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларының мәліметтерін және мемлекеттік органдардың өзге де мәліметтерін көрсететін болады.
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігіне байланысты 2023 жылғы 1 шілдеден бастап заңды іске асыруды кейінге қалдыру көзделіп отыр.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)