Тоқаев Қазақстанда туризмге жауапты министрді қабылдады

Редакция таңдауы
view 94
news

Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты қабылдады, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде министрліктің қызметі және Президент тапсырмаларының орындалу барысы, соның ішінде жолдардың сапасын жақсарту, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық авиация саласындағы тұрақты өсім туралы да баяндалды. 2022 жылы пандемияға дейінгі көрсеткішке қол жеткізілді, яғни Қазақстан авиакомпаниялары 11 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. "Ашық аспан" режимі енгізілді. Ұшу географиясы кеңейіп келеді. 2025 жылға дейін Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына рейстер ашылады деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *