Ақмола облысында өңдеу өндірісінің үлесі артады

Жаңалықтар
view 107
news

6 желтоқсан күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Осы жиында айтылған ақпарды оқырман назарына ұсынамыз.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, қолайсыз ауа райы жағдайы егін науқанына кері әсерін тигізді. Соған қарамастан, диқаншылар 3 млн тоннадан астам астық жинаған. Бұл ішкі қажеттілігімізді толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет тарапынан зардап шеккен фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мал шаруашылығында ет өндіру 168 мың тоннаға дейін артты, 350 мың тонна сүт, 608 млн данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілді. Өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс атқарылды. Мал басын арттыру арқылы 46 ет және 5 тауарлы-сүт фермасы құрылды. 7 арнайы тауарлы-сүт фермасын ашу жоспарда бар. Бұл қосымша 32 мың тонна тауарлы сүтті өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аймақ ел бойынша құс етін өндіруде көшбасшылардың бірі. Бүгінде бұл көрсеткіш өңірде 28%-ға ғана жетті. Қойылған міндетті орындау үшін бірқатар шаралар қолданылуда. Өңірде 73 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Тамақ өнімдерін өндіру 8%-ға өсті. «2026 жылға дейін 290 млрд теңгеге 71 инвестициялық жоба іске асырылады», деді өңір басшысы. Сонымен қатар 130 кәсіпорын елорданың 44 ірі сауда орталығына экологиялық таза өнім жеткізеді. Бұл шамамен 38 мың тонна сүт өнімдері, 25 мың тонна ет өнімі, 210 млн жұмыртқа. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1.2 млрд теңге бөлінді. Бұл – 215 жаңа жұмыс орны және 198 бизнес-жобасы. Бұл жұмыс әлі жалғаса беретін болады. Өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 1.4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13% артты.

Бұл ретте өңдеуші саладағы өндіріс көлемі 11,3%-ға, тау-кен өндіру саласында 21%-ға ұлғайды. «Тау-кен өндіру саласында - құрамында алтыны бар кендерді өндіруді ұлғайту, өңдеу өндірісінде - металлургия, тамақ өнімдері және машина жасау сияқты базалық салалардағы өсіс есебінен. Өңдеу өнеркәсібі пулы аясында 38,7 млрд теңгеге 9 жоба ұсынылды, барлық жобалар іске асырылды», деді Ақмола облысының басшысы. Жобалардың ішінде – «Макинск құс фабрикасының» үшінші кезегі, кен өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасы, тракторлар, комбайндар шығару және т. б. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға өскен. Жеке инвестициялық жобаны табысты іске асыру көрсеткіштердің өсуіне әкеледі. Биыл 185 млрд теңгеге 154 жоба іске асырылды. 1.5 мың ақмолалықтар жаңа жұмыс орындарына ие болды. «Салынған инвестицияның жартысынан көбі жаңартылатын энергия көздері саласына тартылды. Олар: Аршалы ауданында орналасқан қуаты 150 МВт облыстың ең ірі жел электр станциясының «Борей Энерго» бірінші кезеңі пайдалануға берілді; Зеренді және Ерейментау аудандарында жалпы қуаты 30 МВт-тан асатын 3 жел электр станциясы іске қосылды; Қосшы қаласында 7.5 млрд теңгеге мектеп-гимназия салынды. Ірі жобалардың ішінен желтоқсан айында Қосшыда «IL Tov» ЖШС құс етін өңдеу зауыты, Ақкөл ауданында «Sirius Plus» емдеу-сауықтыру қонақ үй кешені іске қосылады. Жалпы, 2023 жылы инвестиция көлемі 240 млрд теңгеден асатын 223 жобаны жүзеге асырылды», деді Марат Ахметжанов. А қ м о л а о б л ы с ы ә к і м і н і ң мәліметінше, 546 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 5 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Оның ішінде 130 отбасыға арналған 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 290 отбасыға арналған тағы 6 үй тапсырылмақ. «Жалпы, облыс бойынша бюджет қаражаты есебінен 52 көппәтерлі тұрғын үй, оның ішінде, Отбасы банкінің салымшылары үшін 37 және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 15 жалға берілетін тұрғын үй салынып жатыр», деді облыс әкімі. Өңір басшысы бұл облыс орталығының тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. «Биыл облыс бюджетінен су тазарту құрылыстарын қайта құру мен кеңейтуге 1.5 млрд теңге бөлінді. Нысан 2024 жылы іске қосылады», деді әкім. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп Нұра топтық су құбырын реконструкциялау мәселесі шешілуде, ол 50 жылдан артық уақыттан бері жұмыс істеп келеді және 90% артық тозған. «Осы жылы Егіндікөл, Қорғалжын және ішінара Атбасар аудандарына су беруді тұрақтандыратын магистральдық су құбырын салу бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланған», деді облыс әкімі. Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі күні оның құрылысы туралы тиісті меморандумға қол қойылды. Жалпы, биыл жылыту маусымына дайындық жұмыстарына 29 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *