Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фотосурет: istock
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді. 9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Одан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.
«Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, күндіз ауа температурасы қатты және өте қатты ыстық болуы ықтимал екенін ескертті.
Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі, - дейді синоптиктер.
Пікірлер (0)