Алматы облысында полициейлер зейнеткердің қабырғасын сындырды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 76
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Алматы облысында полицейлер 77 жастағы әжейді үйінен күштеп шығарып, қабырғасын сындырып жіберген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған видеодан екі полиция қызметкерінің жасы келген әйелді үйінен күштеп шығарып, кіреберіске қарай итеріп жіберген сәті анық көрінеді. Кадрда ауыр соққы алған әжейдің қиналған даусы естіледі.

Оқиға бір сәтте әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамның наразылығын тудырды. Кейбіреулер құқық қорғау органдарының мұндай қатыгездігін сынға алып, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

Пост авторының айтуынша, оқиға болғаннан кейін әйел аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны толық медициналық тексеруден өткізуден бас тартып, тек ауырсынуға қарсы укол салумен шектелген. Сол күні әжейдің жағдайы ауырлай түскен соң туыстары оны қаладағы ауруханаға апарған. Сонда ғана дәрігерлер әйелдің бір қабырғасы сынғанын анықтаған. Бұл дерекке медициналық анықтама да тіркеліп, желіде жарияланған.

Жәбірленушінің туыстары оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Олар «әжей ешқандай қарсылық көрсетпегенін, тек өз үйін тастап кеткісі келмегенін» айтады. Ал көршілердің бірі «полиция қызметкерлері әйелге дөрекі сөйлеп, итеріп шығарғанын» растаған.

Алматы облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ресми түсінік берді.

Әйел әкімшілік іс жүргізу барысында талаптарға бағынбағандықтан, полиция қызметкерлері шара қолдануға мәжбүр болды, - делінген хабарламада.

Дегенмен департамент полицейдің әрекетінде дөрекілік пен заң бұзушылық белгілері бар екенін мойындап, қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *