Алматы облысындағы мектепте 4 сынып оқушысы көз жұмды
Жаңалықтар
670
фото интернеттен
Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмған.
Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр. Жап-жақын жерге 40 минут бойы жете алмай әрең келді, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін сақтап қала алмады.
Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Пікірлер (0)