Алматыда Қазақстан өңірлерінің тарихына арналғанхалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жаңалықтар
view 131
news

Фото: Ресми ақпараттан

2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Ғылымордасы» ғимаратында «Қазақстан өңірлерінің тарихы: архивтік дереккөздер, ауызша тарих және фольклорлық мұра» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлихановатындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырды.

Конференция «Қазақстан тарихының өңірлік аспектілерін пәнаралық зерттеу (жаңа архив материалдары мен фольклор шығармалары негізінде)» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында өткізілді.

Конференцияның мақсаты Қазақстанның өңірлік тарихынзерттеудің өзекті мәселелерін талқылау, жаңа архивтік дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу, ауызша тарих пен фольклорлық мұра материалдарын зерделеу, сондай-ақтарихи зерттеулердегі пәнаралық тәсілдерді дамыту болды.

Іс-шара аралас форматта өтті. Оның жұмысына Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Әзербайжан елдерінің тарихшылары, архившілері, этнографтары, фольклортанушылары, музей қызметкерлері, оқытушыларымен тәуелсіз зерттеушілері қатысты.

Қатысушыларға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих жәнеэтнология институтының Бас директоры, тарихғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол өңірлік тарихты кешенді зерттеудің, ғылыми жұмыстардың деректік базасын кеңейтудің және отандық әрі шетелдік ғылыми орталықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар Зиябек Қабылдинов «Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институтындағы ғылыми зерттеулердің құжаттық (архивтік) базасы туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Пленарлық отырыстың модераторы Ә.Қ. Шашаев болды.

Пленарлық отырыста отандық және шетелдік жетекші зерттеушілердің баяндамалары тыңдалды. Сатай СыздықовТоғалақ батыр мен Абылай ханға байланысты тарихиоқиғаларды талдады. Мазандаран университетінің өкілі Мостафа Ростами Иран және қазақ өнеріндегі ортақ мотивтерге пәнаралық талдау ұсынды. Мұрат СдықовЖайық өзені алабындағы Алтын Орда қалалары туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Сайын Борбасов, Сергей Любичанковский, Надежда Кубик, Анна Крих, Асхат Тойбаев, Анар Тылахметова және басқа да зерттеушілер баяндама жасады. Баяндамалар қазақ мемлекеттілігінің тарихын, өңірліктарихты, архивтік дереккөздерді, тарихи географияны, көші-қон үдерістерін және қоғамдық-саяси қайраткерлердің өмірбаяндарын қамтыды.

Пленарлық отырыс аясында Нұрсұлу Дюсенова конференция материалдарының электрондық нұсқасын таныстырды.

Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы үштақырыптық бағыт бойынша жалғасты.

«Архивтік дереккөздер, саяси тарих және тарихигеография» атты бірінші секция жаңа архивтік құжаттарға, Қазақстан өңірлерінің тарихына, тарихи географияға, саяси үдерістерге және өңірлік құжаттық кешендердің зерттеу әлеуетіне арналды. Секцияның модераторлары Виталий Сирик пен Анар Тылахметова болды.

«XX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістер жәнетарихи жады» атты екінші секцияда 1931–1933 жылдардағы ашаршылық, қазақ қоғамының трансформациясы, тарихижады, көші-қон және демографиялық үдерістер, дін тарихымен қоғамдық қозғалыстарға арналған зерттеулер ұсынылды. Секция жұмысын Нұрсұлу Дюсенова мен Асхат Тойбаев жүргізді.

«Ауызша тарих, фольклор, музей ісі және білім берудегі пәнаралық тәсілдер» атты үшінші секция аясында ауызша дәстүрді, фольклорлық мұраны, музей коллекцияларын, эпистолярлық дереккөздерді зерттеу және тарихты оқытуда заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Секцияның модераторлары А.С. Марғұлан мен А.Р. Бейсембаева болды.

Ұсынылған баяндамалар Қазақстан өңірлерінің тарихынодан әрі зерттеуде архивтік құжаттардың, ауызша дереккөздердің, фольклорлық шығармалар мен музей қорларының ғылыми әлеуеті жоғары екенін көрсетті.

Қатысушылар жаңа дереккөздерді анықтау және жариялау, бірлескен зерттеу жобаларын дамыту, цифрлық технологияларды қолдану мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Конференция кәсіби пікір алмасуға, зерттеу нәтижелерімен бөлісуге және Қазақстанның өңірлік тарихын одан әрі зерделеудің келешегін талқылауға арналған маңыздығылыми алаңға айналды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қарарын қабылдады.

Пікірлер (2)

  • Plandneecy

    Сервіс <a href=https://plankidi.space/>plankidi.space</a> надає короткі та зрозумілі розбори на актуальні питання про закон, армію, навчання та побут. Усі матеріали зроблена за чіткою структурою: висновок → закон → дата перевірки. Без зайвого тексту. Оновлення — щодня.

  • Alvinfuh

    [color=color_url - Искать проекты для фарма токенов вроде GRASS становится всё сложнее. Много шума, реферальных схем и проектов без понятных условий, а действительно перспективные варианты часто замечаешь слишком поздно. Как вы находите новые проекты для фарма и по каким признакам отсеиваете сомнительные? А как вы хотели бы именть без вложений https://app.grass.io/register?referralCode=vJHwCCxhHO44QJ1 - доходы в крипте

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *