Алматыда тұрғын өліміне қатысты іс қозғалды: Тергеу амалдары жалғасуда

Жаңалықтар
view 24
news

Алматы ПД

Алматы қаласының Полиция департаменті 2023 жылдың шілде айында орын алған тұрғынның өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Қазіргі таңда тергеу басқармасы оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында кешенді тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Ресми мәліметке сәйкес, тергеу шеңберінде түрлі материалдар жиналып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнематериалдар зерделеніп, заңда көзделген өзге де процессуалдық әрекеттер атқарылуда. Тергеу барысы қалалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтқан департамент өкілдері, сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижелері мен қосымша тергеу әрекеттерінен кейін заңды шешім қабылданатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *