Алматыда жаңа Ардагерлер аллеясы ашылды
Жаңалықтар
265
Алматы әкімдігі
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанында Жангелдин атындағы скверде Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлері, зейнеткерлер қатысты. Аллея аға буынға деген ризашылық пен құрмет символына айналды, деп хабарлайды janabastau.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында алаңға 100-ге жуық жапырақты қарағаш көшеті отырғызылды. Іс-шара қала тұрғындарын ардагерлер мен олардың ерлігін сақтау және еске алу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың экологиялық санасын нығайту мақсатында біріктірді. Мұндай бастамалар қаланы азаматтық патриотизм мен қоршаған орта үшін жауапкершілік рухымен толтырады, деп санайды қатысушылар.
«Халық кез-келген мемлекеттің әл-ауқаты қарттар мен балаларға деген көзқараспен өлшенеді дейді. Сондықтан бүгінгі іс-шара, әсіресе Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында өте маңызды деп санаймын. Алматыда 43 соғыс ардагері, ал еңбек майданына қатысушылар да көп емес. Біздің Жетісу ауданында бір ардагер - Илья Кудин Григорьевич тұрады. Мен оның бүгін осы мерекеге қосылғанына өте қуаныштымын және ризамын. Сондай-ақ, қала әкімдігіне алғысымды білдіргім келеді. Аллеяның ашылуы ұрпақтардың бірігуіне және патриоттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді деп санаймын», - деді Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тамара Шәкірова.
Зейнеткер Құлшара Сиенова да Ардагерлер аллеясының ашылуы туралы өз эмоциясымен бөлісті:
«Мен Отанымызға қызмет еткендерге дән ризамын. Біздің қоғамның олардың ерлігін құрметтеп, есте сақтағанын көру мен үшін мақтаныш. Бұл аллея әрбір адам тоқтап, ойланып, маңызды сабақтар мен құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізе алатын орынға айналады деп сенемін», - деді Құлшара Сиенова.
Бүгінде қалада Ұлы Отан соғысының (ҰОС) 43 ардагері тұрады. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ҰОС ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмекті 1 млн теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді қала мәслихаты қолдады. 2024 жылы ардагерлер 2 млн теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады.
Сонымен қатар, Алматы дәрігерлері Отан қорғаушылар күні айлығы аясында ҰОС ардагерлері үшін Check-up өткізеді. Осы науқанды өткізу үшін әрбір емхана ардагерлерге бару кестесін әзірледі.
Пікірлер (0)