Алматыда жер сілкінісі болды

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: дереккөз

Бүгін, 29 шілдеде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпуінің күші 2 балл болған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°. Сезілеуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *