Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді

Жаңалықтар
view 35
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматыдағы екі мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа мектеп автобустары сатып алынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушылары жаңа оқу жылынан бастап «Integra Construction KZ» ЖШС берген 37 орындық автобуспен мектепке қатынап жүр.

Ал 26 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 27 орындық автобус табыстады. Жаңа көлік қала ішінде оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады.

Бұған дейін балалар үлкен, ауыр музыкалық аспаптарын арқалап, мектепке бірнеше рет автобус ауыстырып жететін болса, енді олар сабаққа қауіпсіз әрі жайлы жағдайда бара алады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласындағы білім беру ұйымдарының оқу жағдайын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде мектептерге жаңа музыкалық аспаптар сатып алынды. 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Сондай-ақ инвесторлар есебінен заманауи мектеп-интернаттар салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *