«Мизамшуақ»: қазанның қары түскенше сезініп қалатын жылымық келді
Фотосурет: acc.cv.ua
Қазан айы Қазақстанда салқындаудан басталады, бірақ алғашқы онкүндіктің ортасына қарай «Мизамшуақ» келеді. Ол жылы күндер еліміздің батысына, оңтүстігіне және орталығына жетеді. Солтүстік пен шығыста да ауа температурасы сәл көтеріледі. Айдың бірінші жартысында тұрғындар қолайлы ауа райына қуанса, ай ортасынан бастап қайтадан салқындайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сонымен, қазанның алғашқы онкүндігінің ортасына қарай Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары келіп, температура айтарлықтай жоғарылайды. Атап айтқанда,
- Батыс: түнде +7…+12°С, күндіз +17…+25°С;
- Солтүстік пен шығыс: түнде +2…+8°С, күндіз +10…+18°С;
- Орталық: түнде +2…+7°С, күндіз +15…+23°С;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс: түнде +5…+12°С, күндіз +20…+28°С.
Бұл уақытта ел тұрғындары күзгі салқын түсер алдында жайлы жылы күндерді сезіне алады. Бірінші онкүндіктің соңы аздап салқындау болады.
Қазақстанның солтүстік-батысында температура сәл төмендейді. Ал оңтүстік пен шығыста бұл салқындық қазанның екінші онкүндігінің басына келеді.
Қазанның екінші онкүндігінде ауа райы қайтадан жылынады. Мысалы,
- Елдің басым бөлігі: күндіз +13…+18°С;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс: күндіз +22…+27°С.
Ал үшінші онкүндік – қыстың жақындауы. Қазанның соңына қарай суытады.
- Солтүстік, орталық, шығыс: түнде -7…-12°С, күндіз 0…+8°С;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс: түнде -1…-6°С-тан +3…+8°С-қа дейін, күндіз +5…+20°С.

Ай бойы ауа райы құбылмалы болады: тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, айдың екінші жартысында елдің солтүстік бөлігінде боран соғуы мүмкін, – деді синоптиктер.
«Қазанның қарынан суыр інінің аузында ұлтарақтайы қалса, қыс ұзаққа созылады» деген қазақтың даналық болжамын да ұмытпаған жөн. Сондықтан ескіше қазанда (айдың 13-14-і шамасы) жер бетін жапқан уақытша ақ мамықты «қыстың алғашқы қары» деп қабылдаудың қисыны жоқ.
Ескерту: Қазан айына арналған ауа райы болжамы – кеңес сипатындағы болжам. Ол синоптикалық жағдайға байланысты айдың әр онкүндігінде нақты түзетіліп отырады.
Пікірлер (0)