Алматылық мұғалім балаларды ауыр затпен ұрып-соққан (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 70
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Алматыда Лев Толстой атындағы орта мектепте мұғалімнің оқушыларға агрессия көрсетуі әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбадан мұғалім қолындағы затты пайдаланып, оқушыларға физикалық қысым көрсеткен сәт көрінеді. Оған балалардың «Сіздің бұлай жасауға хақыңыз жоқ» деген дауыстары естіледі. Кейбір оқушылар орнынан тұрып, сыртқа қашқан.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бір топ оқушылардың мұғалімді әдейі ашуландырғанын айтса, екінші топ мұғалімнің іс-әрекетін мүлде қабылдауға болмайтынын жазып, наразылығын білдірді.

Қоғамдық резонанстан кейін полицияның оқиғаға ресми тексеру жүргізіп, түсінік беруіне тура келді.

Мектептегі бұл жағдай еліміздегі білім беру саласындағы тәртіп пен мұғалім-оқушы қарым-қатынасын тағы бір рет талқылауға шығарып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *