AMANAT арқалаған міндеттерге апталық шолу
Фото: AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалы
«Білім» бастауыш партия ұйымына қарасты «Алтын Дән» балабақшасының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында партия ұйымының атқарған жұмыстары, мүшелер құрамының сапалық өсуі және партиялық жобалардың іске асу барысы талқыланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Шара соңында жаңа партия қатарын толтырған мүшелерге партиялық билеттер табысталды.
***
AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі қала ішіндегі мекемелерге шығу жұмысын жалғастырды. Іс-шара аясында қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында және «Алтын Дән» балабақшасында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау партияның Сайлауалды бағдарламасы, Жол картасының орындалуы, партиялық жобалардың іске асырылуы, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстарына тоқталды.
Мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков қала құрылған сәттен бастап атқарылған жұмыстарды атап өтіп, қала инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қаланың бас жоспары бойынша қолға алынған шаралар туралы мәлімет берді.
***
AMANAT партиясының Қосшы қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараға Ақмола облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Қосшы қаласының заң консультациясының меңгерушісі А.Р. Куставлетова қатысты.
Қабылдау барысында қала тұрғындары шоттарға қойылған арестті шешу, аресттің уақтылы алынбауы, борышкерлер тізімінен шығу, компания құрылтайшылығынан бас тарту, жеке тұлғаның банкроттығы, бала күтімі бойынша төлемдердің дұрыс есептелмеуі және өзге де жеке құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.
Барлық өтініштер мұқият қаралып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты түсініктер мен кеңестер берілді.
***
АМАNАТ партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының аудан, қала және ауылдық округтердің әкімдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жергілікті деңгейде іске асу барысын талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.
Аталған кездесуге Қосшыдан қала әкімі А. Қапышев, қала мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков және Тайтөбе ауылының әкімі П. Досмағанбетов қатысты.
***
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, қалалық филиал партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А. Төребаев AMANAT партиясының Қосшы қалалық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында Тайтөбе ауылында жұмыс істейтін мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясындағы бірқатар мәселені көтерді. Тұрғындардың өтініштері мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктер берілді. Облыстық мәслихат депутаты шешімін таппаған мәселелерді жеке бақылауына алды.
***
«Қосшы» бастауыш партия ұйымында қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Р. Сейдахметовтің қатысуымен қаланың қоғамдық мәдени-спорт кешенінде «Өнер» жас талантты академиясының және ресурстық орталығының жастарымен кездесу өтті. Кездесуде «Өнер»жастарының еріктілері партияның іс-шараларына белсенді қатысқандары үшін Алғыс хатпен марапатталды.
AMANAT партиясы Қосшы қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында ай сайын бекітілген кесте бойынша тегін заңгерлік кеңес беру өткізіледі. Заңдық сұрақтарыңыз болса, келіп кеңес алуға болады.
Мекен жай: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46.
Байланыс телефоны: +7 705 654 47 60.
Пікірлер (0)