Американдық ұстаздар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қызығушылық танытты – Динара Зәкиева
Фото: facebook.com
Кеше ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева «Ұлттық қор - Қазақстан балаларына. Инновациялық саясат және жаһандық ықпал ету әлеуеті» бірлескен конференциясы шеңберінде Қазақстанға Washington University in St. Louis USA және Maqsut Narikbayev University университеттерінің «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының тәжірибесін зерделеуге келген Washington University in St. Louis өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Симпозиум «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қызығушылық танытқан американдық университеттегі әріптестердің бастамасымен өткізілгенін айта кеткен жөн. Вашингтон университетінің Әлеуметтік даму орталығының (CSD) халықаралық директоры Ли Зоу Қазақстанның тәжірибесін жоғары бағалады және мынаны ерекше атап өтті: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бүкіл әлем үшін үлгі боларлық революциялық бастама екенін айтқым келеді. Бұл жоба сіздердің Президентіңіздің стратегиялық көзқарасының еңбегі және қалаларда немесе ауылдарда тұратынына қарамастан, елдегі барлық балаға инвестиция салуға деген ұмтылысы екенін ерекше атап өту қажет. Қазақстанның жеті миллион баласының бәрі осы фантастикалық көреген жобаның бенефициарлары болып табылады, - деп жазды ол facebook-парақшасында.
Ли Зоудың айтуынша, бағдарламаның Қазақстан үшін де, өңір үшін де және бүкіл әлем үшін де маңызы зор. Ол сондай-ақ Симпозиум Қазақстан студенттері мен азаматтарын, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықты оқыту мен тәжірибе алмасу үшін тамаша алаңға айналғанын айтты.
Іс-шараға Сингапур, АҚШ, Қытай, Моңғолия, Корея және Әзірбайжан университеттерінің атынан оннан астам сарапшы делегация қатысты.
Пікірлер (0)