Дональд Трамп Нигерия алаңдаушылық тудыратын ел екенін айтты
Фото: Kevin Lamarque/Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерияда христиан дініне қауіп төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Жапай қырып-жою әрекетіне жауапты»
Оның айтуынша, Нигерия - «алаңдаушылық тудыратын ел».
Трамп Truth Social әлеуметтік желісіне осындай пост жариялаған.
Христиан діні экзистенциалды қауіппен бетпе-бет келіп отыр. Радикалды ислам өкілдері адамдарды жапай қырып-жою әрекетіне жауапты. Осы себепті Нигерияны «ерекше алаңдаушылық тудыратын ел» деп мәлімдеймін, - деп жазды ол.
«Христиан қауымдастығын қорғаймыз»
Оның сөзінше, Нигерияда 3 мыңнан астам христиан өлтірілген, сол себепті қазір шұғыл шаралар қолдану қажет.
Трамп конгрессмендер Райли Мур, Том Коул мен Өкілдер палатасының қаржы бөлу комитетіне жедел түрде осы мәселемен айналысуды тапсырды.
Нигерия мен өзге де елдерде айуандықтар жасалып жатқанда Құрама Штаттар олардан тыс қала алмайды. Біз христиан қоғамдастығын бүкіл әлем бойынша қорғай аламыз, біз оған дайынбыз және солай істегіміз келеді, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Си Цзиньпин мен Трамп Пусандағы әуе базасында кездескенін жазған едік.
Пікірлер (0)