«Анайы ұсыныс айтты» деген Наркенжені филармония басшысы сотқа берді: Шәмші филармониясындағы дау өршіп барады

Жаңалықтар
view 855
news

Коллаж: janabastau.kz

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Наркенже Серікбаеваның әлеуметтік желідегі сыни жазбасына қатысты филармония директоры Ғалымжан Ерназаров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Филармонияның ресми парақшасында жарияланған видео үндеуде директор өзіне қатысты айтылған айыптауларды жоққа шығарды.

«Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз», – деді Ғалымжан Ерназаров.

«Жұмыстан қудалау» туралы айыптауға жауап

Филармония басшысының айтуынша, әншінің «жұмыстан қудалап жатыр» деген мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді.

«Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді», – дейді ол.

«Қызметіме лайықтымын» – директор

Ғалымжан Ерназаров Наркенженің оның кәсіби біліктілігіне қатысты айтқан сынына да жауап берді.

«Мамандығым сәйкес болғандықтан және өнерге жанашыр болған соң, бұл қызметті атқарып отырмын. Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар», – деді директор.

Бұған дейін не болған еді?

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде видео жариялап, филармония директоры тарапынан анайы ұсыныс естігенін мәлімдеген болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *