Тағдыр: Кәріс күйеуім үш баламен тастап кетті деген қазақ қызы қиын жағдайда екенін айтты
Сурет: видео скрин
Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы өзінің өміріндегі ауыр сәттерімен бөлісті. Ол TikTok пен Instagram желісінде видео жариялап, кәріс күйеуі үш баламен тастап кеткенін айтып, елден көмек сұрады. Желі қолданушылары оның шынайылығына сеніп, қолдау білдіруде, деп хабарлайды janabastau.kz Sportinside kz-ке сілтеме жасап.
«Босанғаныма бір ай болды...»
Бейнежазбада әйел өзінің осыдан бір ай бұрын босанғанын, бірақ соған қарамастан күйеуінің оны Египетте үш баламен тастап кеткенін айтады.

«Достар, мені кәріс байым үш баламен тастап кетті. Босанғаныма бір ай ғана болды. Үш баламен Египетте қалай өмір сүреді, не істейді деп ойламай, кетті де қалды…» – дейді көзіне жас алған ана.
«Күйеуім ақшасын жасырып жүреді»
Қазақ әйелі отбасылық қаржыдан мүлде бейхабар екенін де айтты. Оның айтуынша, күйеуі табысы туралы ештеңе айтпай, бар ақшасын өзінің туыстарына жұмсауға кетіп қалған.

«Қанша айлық алатынын, қанша ақшасы барын мүлде білмеймін. Қазір Кореяға кетті. Әпкесі мен шешесіне ресторан ашып беруге кетті. Оны біліп отырмын», – деп қынжылды ол.
«Не істерімді білмеймін»
Бейнежазбаның соңында ол елден, көрермендерден ақыл-кеңес сұрап, дағдарысқа тап болғанын ашық жеткізді:

«Енді не істерімді білмей отырмын…»
Пікірлер (0)