“Кешірім сұрадық”: Наркенже мен Ерназаров арасындағы резонанс тудырған дау неге аяқ астынан тоқтады?
Сурет: Ашық дереккөзден
Түркістан облысына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева мен мекеме басшысы Ғалымжан Ерназаров арасындағы дау өз шешімін тапты. Тараптар бір-бірімен татуласып, ортақ келісімге келгендерін мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын! Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік. Бір-бірімізден кешірім сұрадық», – деді Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі жазбасында.
Өз кезегінде филармония директоры Ғалымжан Ерназаров та бұл жағдай бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың талап-арыздарын қарастырғанын атап өтті.
«Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз. Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің өтініш-талабымызды қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Ешқандай дау-дамайды ушықтырып қажеті жоқ», – деді Ғалымжан Ерназаров.
Еске салайық, бұған дейін Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде видео жариялап, филармония директоры тарапынан әдепсіз ұсыныс естігенін мәлімдеген болатын.
Пікірлер (0)