«Анамның жағдайы ауыр еді, ал ол пара сұрады» – Танымал актриса ашық үндеу жасады

Жаңалықтар
view 95
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі тележүргізуші әрі актриса Айнұр Ильясова Алматыдағы Сызғанов атындағы клиника басшылығына ресми үндеу жасап, анестезиологтың әрекетіне байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ильясованың айтуынша, анасын отаға дайындау кезінде байланыс үшін өзінің телефон нөмірін қалдырған. Алайда анестезиолог бұл нөмірді жеке мақсатта пайдаланып, тікелей хабарласып, ақша талап еткен.

«Мен ресми түрде клиника директорына хат жазып, бұл әрекетті тоқтатуды өтіндім. Бірақ нәтиже болмады. Керісінше, анестезиолог анамның қасына келіп, “қызыңызды тыныштандырыңыз” деп қысым көрсетті. Ал анам сол сәтте операциядан кейін ауыр халде жатқан еді», – дейді актриса.

Ол мұндай қадамды «кәсіби этиканы өрескел бұзу әрі науқастың психологиялық жағдайына ауыр соққы» деп бағалады.

«Дәрігерлердің еңбегін құрметтеймін, олардың қаншалықты қиын жұмыс атқаратынын білемін. Бірақ осындай оқиғалар клиникаға деген сенімді әлсіретіп, пациенттердің қауіпсіздігіне күмән тудырады», – деп жазды Ильясова.

Актриса басшылықтан мәселені мұқият қарап, алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуді талап етті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *