Тоқаев Қырғызстандағы сапарын «Ата бейітке» тағзым етуден бастады

Жаңалықтар
view 19
news

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында ең алдымен Бішкек қаласының маңындағы «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл жерде қырғыз халқының отаны үшін адал қызмет еткен ардақты тұлғалары мен сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Мемлекет басшысы мемориал аумағында орналасқан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *