“Анкориджде құпия келіссөз: Трамп пен Путин соғысты тоқтата ала ма?”

Жаңалықтар
view 63
news

Сурет: Andrew Harnik/Getty

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен шағын құрамдағы келіссөздер өткізіп, кейін баспасөз алдында қысқа мәлімдеме жасады. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Трамптың айтуынша, келіссөздер өнімді өткен. Ол бейбіт реттеуге қол жеткізуге “өте жақсы мүмкіндік барын”, бірақ әзірге келісімге келмегенін айтты.

– Бізде өнімді келіссөздер болды. Ең бастысы – бейбіт келісімге қол жеткізуге жақсы мүмкіндік бар. Әзірге оған жете қойған жоқпыз. Путин мырзамен жуықта қайта жүздесемін деп үміттенемін. Ол да бұл қақтығысты аяқтағысы келеді. Саған көп рақмет, Владимир, – деді Трамп.

Путин мен Трамп журналистердің сұрақтарына жауап бермей, қысқа мәлімдемелермен шектелді.

Аляскадағы кездесу

2025 жылғы 15 тамызда Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляска штатының Анкоридж қаласында кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты талқылау.

Бұл кездесу халықаралық қауымдастық назарын өзіне аударды. Нақты келісім жасалмаса да, диалогтың басталуы маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *