“Ақнәр ісінің құпиясы: 7-қабаттан құлаған Ақнәр Гүлстанның ісі Антикорға өтті”

Жаңалықтар
view 137
news

Сурет: Ашық дереккөзден

2024 жылдың шілде айында Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап қаза тапқан 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты іс бойынша тергеу жалғасуда. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның өліміне қатысты адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Оның айтуынша, Антикор ҰҚК-ге қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болған.

"Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне берілді. Аккредитация процесі аяқталған соң тергеу белсенді түрде қайта жалғасады", – деді адвокат.

Сондай-ақ адвокат қазаға қатысы бар делінген қыздардың қазіргі жағдайына тоқталды.

"Олар Алматыда. Бұған дейін, яғни іс маған өткенге дейін Қытайға жиі кетіп жүрген. Қазір оларға елден шығуға тыйым салынды", – дейді ол.

Алматы қаласы полиция департаменті де істің Антикорға жолданғанын растады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *