“Өлтір!” деген айқай естілген сәт: Шымкентте әкім орынбасарына қастандық ісі бойынша жаңа бейнежазба көрсетілді (ВИДЕО)
Сурет: видеодан кадр
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Отырыста шабуыл сәтін түсіріп алған жаңа бейнематериал ұсынылды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сотта әкімдік ғимаратындағы бейнебақылау камераларының жазбасы көрсетілді. Кадрдан күзетшілердің әрекеттерін, олардың бірінің бірден полицияға хабарласқанын көруге болады. Сондай-ақ бейнежазбадан атылған оқтың дауысы мен “Өлтір!” деген айқай анық естіледі.
Айта кетейік, алғашқы тыңдалымда айыпталушы Ернар Жиенбай әкім орынбасарын тек қорқытқысы келгенін, бірақ біреудің “Өлтіру керек” деген сөзін естігенін мәлімдеген еді. Бұған дейін де сотта шабуыл сәті түсірілген тағы бір бейнежазба жарияланған болатын.
Пікірлер (0)