Ұшақ капитаны кім? Жаңа дерек
Сурет: Ашық дереккөзден
Әуе кемесінің капитаны – Игорь Кшнякин. Ресей азаматы. Ол көп жылдық тәжірибесі бар маман, әуеде 15 мың сағаттан астам ұшқан, деп хабарлайды janabastau.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде 11 200 сағат – капитан лауазымында. Ресейлік БАҚ-тың мәліметі бойынша командир әуедегі жағдайға байланысты Ақтаудағы қосалқы айлаққа баруға шешім қабылдаған.
Ал ұшақты тізгіндеген ұшқыш – Александр Калянинов. Ол Баку еуропалық лицейінің түлегі. Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, жас ұшқыш қызмет барысында ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Калянинов лицейде білім алу кезінде үздік студенттердің бірі болған.
Қайғылы оқиғадан кейін ол түлеп ұшқан лицей Каляниновтың отбасы мен жақындарына көңіл айту хатын жолдады. Онда "ұшақ даусын естіген сайын Александрды еске аламыз" делінген.
Пікірлер (0)