Ақбөкенді заңсыз атқан браконьерлерден 3 мыңнан аса мүйіз тәркіленді
Фотосурет: None
Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылғы 29 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен ақбөкендердің дериваттарын одан әрі өткізу мақсатында оларды заңсыз аулаумен айналысқан 3 адамнан тұратын браконьерлік қылмыстық топты ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келіні қамтитын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.
Күдіктілерді және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында өткен жылдың 24 желтоқсанында Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада браконьерлердің екінші тобы ұсталды. Олардың бірі – шетел азаматы. Олар мемлекеттік шекара арқылы шамамен 2 мың (1 882) ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған.
Қазір осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Пікірлер (0)