Нью-Йорктің алғашқы мұсылман мэрі Құран ұстап ант берді

Жаңалықтар
view 268
news

Фотосурет: CNN

Зохран Мамдани Құран ұстап, көпшілік алдында ант бергеннен кейін Нью-Йорк қаласының мэрі ретінде ресми түрде қызметіне кірісті. Ол бұл лауазымға келген алғашқы мұсылман мэр атанды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Нью-Йорк мэриясының алдындағы баспалдақта өткен шараға мыңдаған адам жиналды.

34 жастағы Мамдани антты Құран ұстап тұрып қабылдады. Қасиетті кітапты оның зайыбы Рама Дуваджи ұстады. Рәсімге сайлау науқаны кезінде оны қолдаған сенатор Берни Сандерс те қатысты.

Зохран Мамданидің Нью-Йорк мэрі ретіндегі анты екі рет қабылданды: біріншісі жабық форматта, екіншісі көпшілікке арналған шара барысында. Алғашқы ант 1 қаңтарға қараған түні Боз-Ар» деп аталатын қараусыз қалған метро станциясында өтті, ал екіншісі қала ратушасының алдында ұйымдастырылды.

Нью-Йорк мэрінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Осы уақыттан кейін ол екінші мерзімге қайта сайлауға түсе алады.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 4 қарашада өткен Нью-Йорк мэрі сайлауында Зохран Мамдани 50 пайыздан аса дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Ол соңғы 100 жылдан аса уақыт ішіндегі ең жас мэр атанып, сондай-ақ бұл қызметті иеленген алғашқы мұсылман әрі Африкадан шыққан тұлға болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *