Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға құжат қабылдау басталды
Фотосурет: janabastau.kz
Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер өтінішті Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес келетін:
- Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын;
- әртүрлі спорт түрлерінде жоғары жетістіктері бар студенттер (олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және/немесе халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар), Ақмола облысының атынан қатысатындар білдіреді.
Құжаттар 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, 15 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының сайтына орналастырылған.
Өтінімдер Ақмола облысының ішкі саясат басқарамасында мына мекенжай бойынша қабылданады: Қ. Сәтпаев көшесі, 1 «Б»-үй, 2-қабат, 241 кабинетінде.
Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 40-12-29.
Пікірлер (0)