Қазақ боксшылары әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша табыс тапты?

Жаңалықтар
view 91
news

Фотосурет: ztb.kz коллажы

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері әлем чемпионатында жеңіп алған медальдары үшін мемлекеттен сыйақы алады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап. 

14 қыркүйекте World Boxing аясында өткен алғашқы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орын алды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, олимпиадалық спорт түрлерінен (оның ішінде бокс та бар) әлем чемпионы атанған спортшыларға мемлекеттік сыйақы төленеді.

  • Алтын медаль үшін – 15 мың доллар;
  • Күміс медаль үшін – 7 мың доллар;
  • Қола медаль үшін – 5 мың доллар.

Еске сала кетсек, биыл 11 тамызда Туризм және спорт министрі ұлттық құраманың спортшыларына ай сайынғы қаржылай қамтамасыз ету мөлшерін бекіткен болатын.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес:

  • Әлем чемпионы – 130 АЕК (шамамен 511 мың теңге);
  • Күміс жүлдегер – 120 АЕК (471 мың теңге);
  • Қола жүлдегер – 100 АЕК (393 мың теңге).

Сонымен қатар, жаттықтырушылар да сыйақы алады:

  • 1-орын үшін – 65 АЕК (255 мың теңге);
  • 2-орын үшін – 60 АЕК (235 мың теңге);
  • 3-орын үшін – 50 АЕК (196 мың теңге).

2023 жылы бекітілген ереже бойынша Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондары өмір бойына ай сайынғы 100 АЕК көлемінде төлем алуға құқылы. Бұл – бүгінгі есеппен шамамен 393 200 теңге.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *