Ақмола облысында 31 жастағы келіншек жоғалып кетті

Жаңалықтар
view 193
news

Фото: freepik.com

Ақмола облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 19:00 шамасында Астрахан ауданының 31 жастағы тұрғыны үйден шығып кетіп, оралмаған.

Әйелдің жоғалып кеткені жөнінде туыстары хабар беріп, оның тұрған жерін анықтауға көмек сұрап, полиция бөліміне хабарласқан.

Одан кейін іздестіру шаралары ұйымдастырылып, аумақтық бөлімшелер мен көрші облыстарға із-түзсіз жоғалған адам туралы хабар таратылған.

Әйелдің белгілері: бойы - 158 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ұзын қара, қой көз. Ол ашық джинс шалбар, қара капюшоны бар қара күртке және ақ кроссовка киген.

"Полиция департаменті із-түзсіз жоғалған Екатерина Александровна Боялскаяның қайда болуы мүмкін екені туралы білетіндер болса дереу 102 нөміріне хабарлауды өтінді", - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *