Ақмола облысында «еркін жыныстық қатынасты» насихаттаған діни топ жұмыс істеген (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Ішкі істер министрлігі Қазақстанның бірнеше өңірінде «STOP-трафик» науқанын өткізіп, адамның құқықтары мен бостандықтарына қатысты ірі қылмыстарды әшкере еткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мәселен, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысында бірнеше діни топтың заңсыз әрекеті әшкере болған.
Сорақысы сол, бұл топтар «рухани орталықтың» кейпін жамылып, адамдарды азғындыққа шақырған.
Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын «рухани орталық» ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
Пікірлер (0)