Төрт адам зардап шекті: Астанада наубайханада жарылыс болды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 26
news

Фото: видеодан скрин

Астанада наубайханада болған жарылыс салдарынан 4 адам зардап шеккен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.

ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт толығымен сөндірілді, - делінген хабарламада.

Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *